Әнші Алтынай Жорабаева тұрмысқа шықты
Белгілі отандық әнші Алтынай Жорабаева тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Рамазан айында керемет жаңалығым бар. Адамның емес , Алланың қалауы болады. Маған және төрт қызғалдағыма қорған, қамқоршы болатын бағбан берген Аллаға сансыз шүкір! Әрине, мен әуелі ата-анамның ақ батасын, қыздарымның келісімін алдым. Енді осы қадамыма сіздердің, аяулы оқырмандарымның да ақ тілегін алсам деймін. Бақытты адам басқаға да бақ тілейді. Бізге де жақсы тілектеріңізді арнасаңыздар екен. Алла тілектеріңізді еселеп қайтарсын өздеріңізге. Ертең Алла қаласа тағы да жаңалығым бар, - дейді әнші.