Айгүл Иманбаеваның лоторея ойнатушылардан қанша ақша алатыны белгілі болды

Oinet.kz 20-05-2020

Лоторея ойнатушылардың Айгүл Иманбаеваға қанша ақша беретіні белгілі болды, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

- "Мен ешнәрсе қолыма алып та үлгерген жоқпын. Келісім-шарт менеджер мен ұйымдастырушының арасында жасалған. Шынын айтқанда, менің альбомымнан басқа нәрсеге заңды түрде қатысым жоқ. Тапсырдым да өз жұмысыммен кете бердім... Мен Жаратушыма сансыз алғыс айттым. Осы нәрсенің менімен болғанынан. Құдай сол күні далақтап эфирге айдап келгеніне қуанамын. Құдай көріп тұр іштегі дүниенің аппақ екенін. Халықтың алдында да қиянатым жоқ екені көрініп тұр. Соның бәрін көргеннен кейін, кеше заңгерімді ертіп, ұйымдастырушыларға бардым. Қыздар мен жігіттерге "мына акцияны тоқтатуларыңды және халыққа ақшаны қайтаруларыңды талап етемін", деп айттым. Олар келісті. Мен өзім шештім. Мен тоқтаттым. Көп нәрсе түйдім. Далақтап, не нәрсеге де келісе бермеу керектігін түйдім. Жалпы, не істесең де аңдап басып, аңдап сөйлеу керектігін түсіндім", - деп сөзін қорытындылады өнер иесі.

Айгүл Иманбаева халықтан кешірім сұрамады
Әнші Алтынай Жорабаева тұрмысқа шықты

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×