Ринат Зайытов: «Балаларым қазақшаға мүлдем қызықпайды»

Oinet.kz 20-05-2020 8230

Айтыскер ақын, билік пен саясатқа қатысты өткір ойларымен елді елең еткізіп, "шындық биігінен" көрініп жүрген белгілі қоғам қайраткері Ринат Зайытов "Алматы" телеарнасындағы "Шынайы Ақберенмен" бағдарламасының қонағы боп, жарты сағат көлемінде ашық әңгімесімен бөлісті.

f9e1053b-65f8-4f95-a223-d28a59e1a6de.jpg

Бағдарлама барысында Ринат айтыстағы көңілі толмайтын тұстармен бөлісті. Сондай-ақ біразға дейін елдің аузында жүрген өмірі туралы айтып берді.

"Неге қазір саясатқа бармаймын, неге минитнгілерге қатыспаймын. Ашығын айту керек, ол халықтың пайдасына тимейді. Керісінше зардап шегеді", - дейді ақын.

Сонымен қатар оның айтуынша ол отбасында өзін жақсы әке деп санамайды екен.

"Көп үйде болмаймын да, енді өтірік айтпай-ақ қояйын. Нашар әкемін шыны керек. 

Балаларым қазақшаға мүлде қызықпайды.Біздің Қазақстанда адам қызығатын ешнәрсе жоқ. Бәрін көшіріп алады, оның өзін дұрыс көшірсе бір жөн. Мен енді қызыма не деп айтамын? Жоқ, мынаны көр дейін десе, ондай нәрсе жоқ"; - деп ақын телевизиядағы бағдарламаларды да қатаң сынға алып өтті.

Нұрболат Абдуллин лоторея туралы - «Тек ән айтамыз»
Ерке Есмаханды сыйлыққа көмкеріп жүрген сері кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу