"Әдемі қызбен көрдім": Ләйлә Сұлтанқызы Батырхан Шүкеновпен соңғы рет кездескені туралы

Oinet.kz 30-04-2020 1971

Кеше "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясында танымал әнші, музыкант, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті. Осыған байланысты қазақстандық және ресейлік өнер жұлдыздары Шүкенов туралы естеліктерін жазды. Солардың бірі Ләйлә Сұлтанқызы болды.

Бұл туралы танымал жүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Осыдан 5 жыл бұрын. Қателеспесем, қыс мезгілі. Іссапармен Қазмедиаға қарама-қарсы орналасқан Риксос қонақ үйінде тоқтапты. Хабарласып, кешкісін кездесетін болып уағдаластық. Содан жұмыстан шығып, лоббиға келсем, Батырхан әдемі бір қызбен отыр екен", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

журналист сол кезде кедергі болғандай күй кешіп, біраз ыңғайсызданып қалғанын атап өтті.

"Бірақ екеуінің бір-біріне жылы сезімге толы көзбен қарап отырғанын көріп, шын қуандым. Араларында ешқандай құпия жоқ екенін айтып, біз де еркін жұмыстарымыз туралы сөйлесе кеттік. Жақын араласқан адамдары біледі ғой, жеке өмірі туралы көп айтпайтын", - деп толықтырды ол.

Сонымен қатар, Ләйлә Сұлтанқызы Батырхан Шүкеновтің жанында болған жұмбақ қызды сипаттап берді.

"Ал, соңғы кездесудегі жұмбақ қыз – қараторы, келбетті, сұлу еді. Жымиып қана отыра берді. Батырдың талғамы да биік еді. Ақылды, оқыған, сүйкімді, нәзік қыздарды ұнататын. Бұл қыз да сондай", - деді тележүргізуші.

"Бүгін өтетін еске алу кешін ол қыздың да тамашалайтыны анық. Бізге қарағанда сол қыздың етегі тағы да сағыныштан жасқа толатын болды-ау. Сезем. Түйсігім солай дейді. Өйткені мен 5 жыл бұрын Батырханға нағыз ғашық көздерді көрдім", - деп қорытындылады Ләйлә Сұлтанқызы.

«Қотыр атқа, соқыр ат үйір, жұлдыздарды алдады дегенге сенбеймін» - Ахметбек Нұрсила
"Анам-орыс, шоқынғанмын": Бүркіттің жары ислам дінін қалай қабылдаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу