«Қотыр атқа, соқыр ат үйір, жұлдыздарды алдады дегенге сенбеймін» - Ахметбек Нұрсила
Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила отандық эстрада әншілерін шегірткеге теңеді. Бұл туралы ол "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.
- 90% әншілер, ар-ұяты жоқтар сол лохотронды ойнатып кетті. Айнұр Тұрсынбаева, Беркут, Айгүл Иманбаева бүкіл эстраданы қарасаң әйтеуір. Арам ақша, олар әбден осылай ақшаны қалай болса, солай шашып түскі тамаққа 200 мыңға тамақ ішіп үйренген ғой. Бұны құтыртқан халық. Бұл жерде халықтың психологиясын, ұстанымын бұзды. Жапондар, Кәрістер, Қытайлар ойнай қоймайды лотореяны. Бүкіл халық шегіртке боп кетті. Қазір бала-шағадан сұрасаң не боксер, не әнші боламын дейді. Қазір телевизорды қоссаңыз сол сайқымазақтар, сол әншілер. Мал өсірейік, өндіріс жасайық, киім тігейік деген адам жоқ. Бүкіл лотореяға тыйым салу керек. Жұлдыздарды алдап кеткенге сенбеймін, "қотыр атқа, соқыр ат" үйір, - дейді Ахметбек Нұрсила.