«Әңгіме бітпейді»: Жұлдыз Өмірғали екінші әйел болу қаншалықты қиын екенін айтты (видео)
Отандық танымал әнші Жұлдыз Өмірғали екінші әйел атану өзіне қалай әсер еткенін айтты. Айқын Төлепбергеннің келіншегі ағынан жарылып, қалың көпшілікті қызықтырып жүрген сұрақтарға жауап берді. Өнер иесі желіде алғаш рет ашылып, екінші жар болудың кем тұстарын атап өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ
Жұлдыз Өмірғали бүгінде отбасымен бақытты болғанына қарамастан, екінші әйел атану өзіне аса ұнамайтынын жасырмады. Жеке өмірі мен жанұясына қатысты тың мәліметтермен ол Instagram желісіндегі Stories-те бөліскен.
Көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап беріп жатқан әншінің видеолары qaz.stars парақшасында жарияланған. Өнер иесі екінші әйел болуға қатысты сауалға былай деп жауап қатты:
"Күшті деп айта алмаймын. Мен болсын, басқа адам болсын көп әңгіме болады. Ол әңгіме ешқашан бітпейді. Сондықтан, онша емес. Мен өзімді ең бақытты адаммын деп ойламаймын. Олай ойлаудың өзі де дұрыс емес. Бәрібір бәрі мінсіз болмайды" , - деді Жұлдыз.
Оған қоса, эстрада жұлдызы Айқынның бірінші некеде туған қызына қатысты пікір білдірді.
"Асылымыды жақсы көремін. Өте сүйкімді әрі ақылды қыз" , - деді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепбергеннің карантин кезінде тамақ әзірлеп жатқан видеосы тараған болатын. Жұлдыз Өмірғали жолдасының аспаздық қабілетін паш етіп жатқан сәтінен бейнежазбамен бөлісті.