"Оны танымаймын": Cәдуақасова 12 жыл бұрынғы суреттерден күйеуін "тауып" алды
Қазақстандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Мадина Сәдуақасова осыдан 12 жыл бұрын қандай болғанын көрсетті. Әнші мұрағаттағы фотолармен бөлісіп, жанкүйерлеріне жеке өміріне қатысты қызықты жайтты айтып берді. Өнер иесі жариялаған ескі суреттердің барлығында оның күйеуі де бой көрсеткен. Алайда, ол кезде эстрада жұлдызы оны мүлдем танымайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Карантин уақытында ешқайда шықпай жатқан Мадина Сәдуақасова өз оқырмандарын естеліктерімен қуантуды жөн көрген. Ол Instagram парақшасында 12 жыл бұрынғы фотоларды жариялап, жолдасы екеуінің таныстығы жайында жан сырын ақтарды.
Әнші желіде бөліскен суреттерде оның жолдасы Олжас Смағұлов та бар. Алайда, ол кезде шоу-бизнес жұлдызы онымен таныс емес екенін ашып айтты. Сәдуақасова болашақта заңды күйеуі атанған жігітті мүлдем байқамайтынын мойындады. Бір түсірілім алаңында жүре тұра, қос ғашық тек 2009 жылы бір-ақ танысқан.
"12 жыл бұрынғы түсірілімнен. “ Таң қалдырған хикая” Есіңізде болар?! Бірақ, әңгіме ода емес. Барлық суреттерде кімді байқап тұрсыздар? Тура осы сәтте оны танымаймын, байқамаймын да, 2009 да “танысамыз” , ал 6 жылдан кейін қасымыздағы кісілер үйлену тойымызға келеді. Ол әркез қасымда болды. Тағдыр" ,- деп жазды әнші.