Бала-шағасы мен әйелін байлап тастаған Марат Оралғазин желіні шулатты (видео)
Отандық танымал әзілкеш Марат Оралғазин қалың көпшілікке карантин уақытын қалай өткізіп жатқанын көрсетемін деп қызу талқыға түсті. КВН жұлдызы үйде отырып, қалай жұмыс істеуді жалғастыруға болатынын түсіндірмек болған. Алайда,ол жариялаған видеода балалары мен әйелінің байланып отырғаны"көрініп" қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бүгінде ел қатарлы үйінен шықпай отырған әзілкеш Instagram желісінде асқан белсенділік танытуда. Ол оқырмандарын күніге бір күлкілі видеомен қуантып жүр. Бұл жолы Марат Оралғазин пәтерінен шықпай-ақ жұмыс істеуге болатынын дәлелдегісі келіп, арнайы бейнежазба жариялаған.
Онда ноутбуктың алдында отырған әзілкеш өз ісімен айналысып жатқанын жеткізді. Алайда, видео кадрына жерде байлаулы күйде отырған бала-шағасы мен әйелі түсіп қалған.
Оған қоса, олардың ауыздары скотчпен жабыстырылғанын байқауға болады. Оралғазиннің әзіл ретінде түсірген бейнежазбасы желі қолданушыларын күлкіге қарық қылған. Көпшілік әзілкештің тапқырлығына тәнті болып, оның видеосы шынайы өмірден алынғанын айтуда.
"Марат аға күлкіден өлтірдіңіз. Өмірлік жағдай расымен" , "Мына видеоңыз қазіргі жағдайға сай келеді" , "Бәрі әйелі мен бала-шағасынан шаршап жүр. Сізден қайталап, байлап тастаймыз-ау" , "Көзімнен жас аққанша күлдім", "Кермет көңіл-күй сыйлап жатырсыз. Өте күлкілі" , - деп жазуда желідегілер.