Айгүл Иманбаеваның тұрмысқа шығуға қамданып жатқандығы рас па?

Oinet.kz 16-03-2020 4451

Айгүл Иманбаева ұлы Асылжанды өсіріп жетілдіргеннен кейін трмысқа шығамын деп өз-өзіне серт бергендігін жеткізді. Бүгінде, ұлының бар жағдайын жасаған әнші ендігі кезекте қамданып жатқандығын айтты. Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.

a0e1ee73-7634-4bbb-b9e6-a8a1fae56e41.jpg

Сәбит Әбдіқалықовпен айырылысқанына 22 жыл болғандығын және баласын қаншалықты қиындықпен өсіріп, жетілдіргендігін қоса айтты. 

- Мен Асылжанның әкесімен екі жаққа кеткеніме 22 жыл болады екен биыл. Мен сол кезде кішкентай баламды жаттың қолына қаратпаймын жалтақтатып. Күйеуге тиуім керек әйтеуір деген нәрсеменен ертең балама біреу нұқып балама қатты сөйлеген дүниені мен жалпы көтере алмаймын. Оның үстіне балам біреуге әке дегенін де көтере алмаймын. Ол менің табиғатымнан тыс, менің жанымнан бөлек дүниелер. Жалпы, ми деген фокусқа ғана жұмыс жасайды екен. Қандай өтініш жазасың соны орындайды екен ғой Алла Тағала. Екі жаққа кеткен кезде балам бар жоғы 7 айлық болатын. Күйеуге де тимеймін. Балам өскенше. Баламның өз қолы өз аузына жетіп, аяғынан тұрып, ешкімге жаңағы күні түспейтіндей жағдайын жасаған кезде мен сонда ғана күйеуге шығамын деп айтқанмын. Осыдан 22 жыл бұрын, - дейді әнші. 

Баласының бар жағдайын жасаған ол ендігі кезекте той қамына кіріскен. 

- Айтқан сөзімді осыдан бір жыл бұрын ғана алдым. Міне баламды жеткіздім, білімін бердім, үй жағдай дүниесін жасадым, оқыттым, инвестициямды салдым, қолымнан келгенше салып та жатырмын. Енді, мен өзім қамдансам болады деп өзіме жоғары жаққа сондай өтіні хат жазып жібердім. Қамданып жатырмын, - дейді Айгүл Иманбаева. 

Айгүл Иманбаева 7 жыл сөйлеспеген әкесіне хабарласты
Ләйлә Сұлтанқызы: "Төтенше жағдайды мүмкіндік деп түсініңіз"
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу