Айгүл Иманбаева 7 жыл сөйлеспеген әкесіне хабарласты
Отандық танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева туған әкесімен 2013 жылдан бері мүлдем хабарласпағанын жеткізді. Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Oinet.kz.
Көптен бері әкесін қатты сағынып жүрген актриса әкесіне деген сағынышын эфир барысында айтып, көзіне еріксіз жас алды.
- Ал, осы жарты ай бұрын ғана өтірік айтпай-ақ қояйын, қаңтардың орталарында ғана өзіммен өзім отырып, өзіме сұрақ қойып отырып, қатты сағынып кеттім. Көргім келді. Кездескім келді. Бірақ әлі хабарласқан жоқпын. Өйткені ол кісі ауылда тұрады. Жол бар. Мен Астанаға көшкелі тым ұзақ, - дейді әнші.
Сондай-ақ, 2013 жылдан бері, яғни 7 жыл бойы сөйлеспеген әкесіне бағдарлама барысында хабарласты.
- Әке денсаулығың қалай? Биыл жетпіске толасың. Жасаймыз ба? Осы бізді сағынып ойлайсың ба? Қазіргі таңда, мен сағынамын осылай. Мүмкін жасым ұлғайған шығар. Бәріне осылай басқаша қараймын. Өзіңмен кездесіп отырып сөйлескім келеді, - дейді көзіне еріксіз жас алған Айгүл Иманбаева.