Диана Шарапова «Голос Украина» шоуында топ жарған Ерлан Байбазаровты сотқа бермек
«Голос Украина» музыкалық шоуынан кейін танылған Ерлан Байбазаровты Диана Шарапова сотқа бермек, деп хабарлайды Oinet.kz порталы ntk.kz-ке сілтеме беріп.
- Ол ең алғаш келген кезде мен Диана Шарапова сынды болғым келеді деді. Мен алдын ала ескерттім, шоу-бизнесте жүру оңай емес екенін, бәрі өз уақытысымен деп. Ол барлығына келісті.
Кейіннен Ерлан Диананың вокал студиясына мұғалімдік қызметке қабылданады. Тіпті жұлдызды отбасы Байбазаровтың өнердегі бағын ашу үшін талай конкурстың есігін қағып, ақыр соңы «Голос Украина» байқауына қатыстырады. Ол үшін продюсерлер 700 мыңға жуық қаражат жұмсап, шоуға арналған концерттік бағдарламасына дейін әзірлеп береді,- дейді шоумен Роман Миронов
Байбазаров:
-Мен жәй шығып ән айтқан жоқпын. Мен домбырамен шықтым, Украин елінде домбыраны жақсы қарсы алды. Бізде әр үйде ілініп тұрады ғой. Сол домбыраның арқасы деп ойлаймын,- деп ақталуда.
«Шоуға домбырамен шығу да, менің идеям еді», - дейді Диана. Алайда, танымалдылыққа ие болған соң, Байбазаров продюсерлерінің еңбегін мойындамақ түгілі, олармен жұмыс істеуден бас тартқан.
Еске салсақ, әнші жары Роман Мироновпен Ерланға продюсерлік еткен еді.