Қазақ еліне +1 бала
Отандық танымал әнші Динара Сұлтан ақпан айының 16 жұлдызында азаншыны дүниеге алып келді. Осы уақытқа дейін бес ұл-қыз тәрбиелеп отырған өнер иесі, қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желі арқылы бөлісті, деп хабарлайды Shownews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
«Адамнан адам шығу оңай емес. Қош келдің, ұлым! Алла Ұлық», – деп жазды Instagram парақшасында.
Жас ананың қуанышына Тоқтар мен Бейбіт, Айнұр Тұрсынбаева, Жазира Байырбекова, Маржан Арапбаева, Гүлнұр Оразымбетова, Мөлдір Әуелбекова сынды өнердегі әріптестері ортақтасып, оқырмандары ақ тілектерін арнады.
Иә, жыл басынан бірқатар өнер өкілдерінің шаңырағы бір жанға толығып, шілдехана, бесік той аталып өткені бар. Десе де Динара Сұлтан отандық шоу-бизнестегі көп балалы аналар көшін бастап тұрғаны анық.
Естеріңізге сала кетейік, әнші қалың көпшілікке алғаш рет «SuperStarkz» республикалық конкурсы арқылы танылып, кейін Қазақстанның «China Town» қыздар ұжымында ән шырқаған. 2009 жылдан бері Динара Сұлтан атымен жеке орындаушы ретінде өнер көрсетіп келеді.