Тәуекел жарына некеден соң сөз салған
Қазақ эстрадасының мистері Тәуекел Мүсілім жұбайы Махаббатқа некесі қиылғаннан кейін сөз салғанын айтты. Оның сөзінше, ол сүйіктісінің алдында өзге жігіттер секілді тізерлеп тұрмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Бүгінде отбасылы жігітке айналған Тәуекел сөз салу мәселесі өзіне біршама қиын соққанын айта кетті. Оның сөзінше, қазақтың салт-дәстүріне жат қылық болғандықтан, өзге жігіттер секілді сүйіктісінің алдында тізерлеп тұрмаған көрінеді.
"Шынымды айтсам, бұл мен үшін қиын мәселе. Себебі әдетте жігіттің тізерлеп тұрып қызға сөз салғанын көретінмін. Ал біздің қазақтың дәстүрінде ондай болмағандықтан мен үшін бұл қиын болды. Махаббат менің оған сөз салғанымды күтіп жүргенін білдім. Сөз салдым, бірақ тізерлеп тұрған жоқпын", - дейді ол.
Ал жары Махаббатың сөзінше, актер оған тек неке қию рәсімі өткеннен кейін ғана сөз салыпты.
"Сырға салу, неке қию рәсімдері өтіп кеткен. Сол үшін мен оның маған сөз салатынына сенімді болдым. Бірақ дәл сол күні болады деп ойлаған емеспін", -дейді жас келін.
Сондай-ақ, өнер иесінің жары алғашқы кездері енесін "мама" деуге қиналғанын жасырмады.
"Өз анаммен ара-қатынасым ерекше. Сол себептен өзгені "ана" деу қиын болды. Кейін бір-екі рет айтып көрдім, содан соң үйреніп кеттім", - деді Махаббат.
Естеріңізге сала кетейік, Тәуекелдің жары келіндік қызметін қалай атқарып жүргенін айтты.