Ахметбек Нұрсила халықтан не үшін кешірім сұрамайтынын айтты

Oinet.kz 12-02-2020 1332

Ақыл айту оңай, ал ақыл айтып ақша табу қаншалықты қиын? Бұл туралы Ахметбек Нұрсила кәсіби тренинг ұйымдастырушы Аман Тасығанмен болған сұхбатында айтып өтті.


9FDA4D74-A891-4E02-994F-8E21FA6193A6.jpeg

Кәсіпкер Ахметбектің айтуы бойынша ол кәсіп жайлы бар білген-көргенімен бөлісіп, қаншама адамның санасын оятып жүрген көрінеді. Тіпті өзінің "Баспанасыз қазақтарды адам деп санамаймын" деген сөзінен соң қаншама адамның санасы оянып, үйлі болғандарын келтірген екен.

"Баспанасыз қазақ болмауға тиіс. Менің арманым сол. Оны мен намыс қайрау үшін айтқанмын. Мен "Баспанасыз қазақтарды адам деп санамаймын" деген сөзім үшін кешірім сұрамаймын. Себебі 30-35 жасына келгенге дейін адам бір баспанаға иелі болуыға қауқарлы деп ойлаймын", - деді Ахметбек Нұрсила.

Ал әлеуметтік желіден келген "Соншалықты бай болсаңыз, неге тренингіңіз ақылы?" деген сұраққа кәсіпкер былай жауап берді:

"Мен мәселен Алматыда тегін 5-10 сағаттық тегін тренингтер өткіземін. Бірақ оғана адамдар келмейді"

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бұрын Ахметбек Нұрсила "баспанасыз адамдарды суырдан да төмен" деген болатын.


Момышұлының келіні: «Маған шындық керек»
Кенжебек Жанәбілов он бір жыл күткен ұлына ерекше есім қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу