Енші малы
04-11-2023
Жақында ғана екінші мәрте қызды болған отандық әнші әрі тележүргізуші Аша Матай "Қалаулым Live" бағдарламасының төңірегінде жүріп жатқан алып-қашпа әңгімелерге байланысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы Oinet.kz тележүргізушінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Құрметті "Қалауым Live" бағдарламасының көрермендері! Менің бірталай уақыттан бері сәбилі болуыма байланысты демалыста екенімді білесіздер. Бағдарламаны басқа жүргізушілер жүргізуде. Алайда, соңғы кезде бағдарламада болған оқиғалар мені де алаңдатып отыр. Ол бағдарламадан редакторлардың және бірнеше қатысушылардың кетуі", - деп сөзін бастады Аша Матай.
Тележүргізуші осы мәселе бойынша телеарнаға телефон шалып бар мәселені білгенін атап өтті.
"Телеарнаның “Қалауым live” бағдарламасының басшыларының айтуынша, осы кеткен редакторлар мен қатысушылардың ішкі тәртіпті бұзып, тиісті форматтың шегінен шыққаны үшін келіспеушілік болып, бағдарламадан кетірілгенін айтты. Және де ешқандай қатысушының бағдарламаға ресми шақырылмағанын, олардың өз еріктерімен келгенін, және оларға ешқандай жасанды рөл атқаруды ұсынбағанын мәлім етті", - деді ол.Аша Матай бағдарламаны өзі жүргізген уақытта ешкімнің эфирде жасанды рөл ойнауына жол бермегенін тілге тиек етті.
"Ондай жасанды мінез көрсеткен қатысушыларды, талай рет ескерту жасап, тиісті орнына қойғанмын, оны телеарна ұжымы, қатысушылар және көрермендер жақсы біледі. Сіздерге анық менің айтарым, "Қалауым Live" бағдарламасында қатысушыларға және үміткерлерге ешкім жасанды рөл ойнауды ұсынбайды, олай біреу айтқан болса, ол жалған және шындыққа жанаспайды.Бұған көз жеткізу оңай! Келіп қатысыңыз, көресіз, білесіз, көзіңіз жетеді менің айтқаныма", - деген тележүргізуші көрермендерді өсек-аян, жала, алып-қашпа әңгімеге сенбеуге шақырды."Ол келіспеушіліктен туындаған, эмоциядан, немесе жай ғана қызғаныштан туындауы мүмкін. Кімнің аузына қақпақ қоямыз. Жалпы осы бағдарламаны көргісі келетіндер көрсін, көргісі келмейтіндерді ешкім зорламайды, әркімнің өз пікірі өзінде болғаны дұрыс. Тек мәдениетті болуға тырысайықшы.Өз басым, осы уақытқа дейін ешкімді, өнер адамдарын, телевидение немесе басқа бағдарламаларды жамандап көрмеппін, ұсақ пияр, ұсақ бедел жинағанды жек көремін және де ешкімге ренжімеймін, бәріміз пендеміз, Құдайдың құлымыз, кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екеніне тек Жаратушы Иеміз төреші!" - деп сөзін қорытындылады Аша Матай.Еске сала кетсек, осыған дейін Атышулы "Қалауым live" бағдарламасының бұрынғы қатысушылары жоба туралы өз шындықтарын айтқан болатын.