Қуандық Шәкіржанов: «Келіншектерім де көбейіп кетті»

Oinet.kz 06-02-2020 7389

Белгілі әзілкеш, Тамаша театрының актері Қуандық Шекіржанов "TALK LIKE" жобасында көпшілікті мазалайтын сұрақтарға жауап берді. Актер бүгінде кино әлемінің майталманына айналған, ол қазір тек театр жұлдызы емес, кино өнерінің де бірден-*бір жұлдызы екенін мойындайды. Алайда актер төңірегінде өргіп жүрген сұрақтар да аз емес екен. Мәселен оның өмірдегі серігінің кім екенін көпшілік әлі де біле бермейді. Бірі театрда үнемі актердің жұбайының рөлін сомдаған Бақыт Айтова десе, басқалары Жанар Айжанова деп ойласа керек. Қуандық Шәкіржанов бұл туралы өз ақиқатымен бөлісті.

image.png

"Менен "Келіншектеріңіз көбейіп кетті, нағыз келіншегіңіз кім?" деп сұрайтындар аз емес. Ал өмірде мен негізі Семей жеріне күйеу баламын. Жарымның есімі Арай болады. Ал театрдағы көбіне менің келіншегімді сомдайтын Бақытты көбісі шатастырып жатады, шын әйелі екен деп. Ол негізі менің курстасым", - деді актер.

Өмірдегі келіншегінің жалғыз екенін айтып ағынан жарылған актер Аман Тасығанның "Енді сол келіншегіңіз жалғыз болып қала ма?" деген сұрағына:

"Кім біледі, өмір алда. Әзірге біреу", - деп жауап берді.

Әбдіжаппар Әлқожа Арман мен Аша Матайды үздік жұп деп есептемейді
«Боқтық сөздер қосып шығарады»: Бесбаев танымал болуға құмар жас әншілерге ашулы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу