Ақбота Керімбекова кімдерді әнші ретінде мойындамайтынын айтты
Отандық танымал әнші Ақбота Керімбекова өнерде жүрген әріптестері Асхат Тарғын, Абай Бегей мен Сиви Махмудиді әнші ретінде мойындамайтынын жайып салды. Шоу-бизнес жұлдызы аты аталған орындаушылар жеңіл өлеңдерінің арқасында хит болып жүргенін айтты деп жазады Oinet.kz порталы Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.
Ақбота Керімбекова бағдарлама жүргізушісінің сұрағына жауап бермес бұрын, біраз уақыт ойланды. Өнер иесі өзімен бір саханын бөлісіп жүрген әріптестерін ренжітіп алғысы келмейтінін алға тартты. Алайда, ақыры өзі әнші ретінде мойындамайтын орындаушыларды атады.
Эстрада өкілі аталмыш тұлғаларды әнші деп есептемегенімен, олардың бойындағы адами қасиеттерін аса қатты бағалайтынын жеткізді.
"Қазір жеңіл әнімен халық алдында хит болып жүргендер бар. Өнерін бағаламасам да, адами қасиеттерін сыйлайтын әріптестерім бар. Мойындамайтын әншілерім өте көп. Айтпай-ақ қойсам деп едім. Олардың қатарына Асхат Тарғынды, Абай Бегейді және Сиви Махмудиді қоссаңыз болады. Әнші деп есептемеймін" , - деді өнер иесі.Қызығы, Керімбекова өзін де толыққанды әнші деп есептей алмайтынын айтты. Ол әлі халыққа берері әрі үйренер дүниесі көп екенін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Керімбекованың атышулы сұхбаты шыққан болатын. Өнер иесі үшінші жолдасымен ажырасуының шынайы себебін ашып, ол адам өзіне қол көтергенін айтып берген еді.
Бүгінде шоу-бизнес жұлдызы жалғыз емес екенін меңзеп айтып, сүйіктісі бар екенін жеткізді.