Нұржан Қалжан: «Тәуелсіздік тойлайтын мереке емес»

Oinet.kz 12-12-2019 3006

Тәуелсіздікті қай жылы алдық? Ата заң қай жылы қабылданды? Әнұран неше рет өзгертілді? Әнұран авторлары кім? - деген сынды сұрақтардан сүрінген эстрада жұлдыздары халықтың ашуын туғызды, деп жазады Oinet.kz тілшісі OyBay Show-ға сілтеме беріп. 

Нұржан Қалжан.jpg

«ҚР Еңбек ері» атанған Роза Рымбаева, «ҚР қоғам қайраткері» Жеңіс Ысқақова, Айгүл Иманбаева, Меруерт Түсіпбаева, Нұржан Қалжан, Өмірбек Айниязов, Әміре т.б әншілер сұраққа жауап таба алмай, тіпті әнұранның сөзінен сүрінді. 

Сіз тәуелсіздікті тойлайсыз ба? деген Мұхит Сапарбайұлының сұрағына:

Нұржан Қалжан: «Тәуелсіздік тойлайтын мереке емес. Ондай дәрежеге жеткен жоқ», - деп жауап берсе, 

Халықаралық байқаулардың жеңімпазы: «Тәуелсіздікті тойламаймын. Меніңше, тәуелсіздікті тойламау керек», - деді.

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева: «Неге бұл күнді қаралы күн деп атамайды екен», - деп өз ұсынысын тастады.

Тым болмаса әнұранның қайырмасын айтып беріңізші деген жүргізуші сұранысына, 

Жеңіс Ысқақова: «Мен әнұран айтатын жас бала емеспін», - деп қайтарып тастады. 

Бұдан шығатын қорытынды, әрбір өнер адамы болсын, яки спорт майталманы болса да өз лауазымына, алған орден мен атағына лайық болса, міне, ғанибет!

Тәуелсіздік тарихын білмейтін эстрада жұлдыздары сынға ілікті
Орден алған эстрада жұлдыздары кімдер?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу