Сұлтанқызы: «Үндемегенімді үлкендігім деп қабылдаңыздар»

Oinet.kz 05-12-2019 1669

Желіде жеңісімен масаттанған Нұрболханға Сұлтанқызы жауап берді, деп жазады Oinet.kz тілшісі Shownews.kz порталына сілтеме беріп.

Сұлтанқызы.jpg

Азулы тележүргізуші сот шешімімен неге келіспейді? Ләйлә өзіне кереғар пікір жазған желідегілерді жазаламақ па? 

«Занның аты заң. Мен заңға қарсы шыға алмаймын. Менің кез-келген жауабым ақталу секілді болып кетеді.

Менің үндемегінімді басқаға балаудың қажеті жоқ. Мен былай түсіндірер едім, мен мүмкіндігінше адамның құқығы бұзылмау керек деген ұстанымдамын».

Жеңісімен желіге жазба жүктеген әзілкеш жазбаларын өшіріп тастаған. 

видео сілтемесі

Осыған орай Сұлтанқызы:

«Десе де ел алдында «Арсыз» деп, «Билбордтағы суретіне лай-батпақ ату керек», «Апама жездем сай», «Қандай ана екен?!» деп аналық ар-ожданыма дейін қол сұғып, желіге жария етіп, «Мен ештеңе айтпадым» деп, жазбаларын өшіре салу, жігіттікке жатпас», - деп жауап қайырған болатын инста парақшасында.

Десек-те, сот шешімімен келіспейтіндей кейіп танытты тележүргізуші.

«Мен әйелмін. Мен үлкенмін. Үндемегенімді үлкендігім деп қабылдаңыздар», - деп дауға түйін қойды.

Айта кетейік, әзілкеш пен тележүргізуші арасында болған дау бес айға созылып, нәтижесінде, Нұрболхан жеңіске жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Уәлибек Әбдрайымов: «Қайрат Нұртасты тойға шақырған адам ақымақ»
Әлішер Каримов: «Мен ақшаны санамаймын, шашамын» (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу