МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Табиғин мухаддистерінен болған Әбу Уәйл Шәкик ибн Сәлама былай дейді:
Бір күні Хазіреті Әлидің (Оған Алла разы болсын) жанына азаттығымен қауышу үшін қожайынымен келісім жасасқан бір құл келіп:
Уа, Әли! Қожайыныма қарыз едім, оны қайтаруға жағдайым жоқ. Маған жәрдем ет,- дейді. Сонда Әли: - Қаласаң, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) маған үйреткен дұғасын саған да айтайын, бұл дұғаны үнемі оқысаң, үстінде Сыр дауындай қарызың болса да Алла Тағала бұл қарызыңнан құтылуға жәрдем етеді,- деп мына дұғаны үйретті:
«Алла Тағалам! Мені халалыңмен жеткілікті түрде ырзықтандыр, харамға мұқтаждығым қалмасын! Мені сый-сияпатыңмен байыт, өзіңнен басқаға мұқтаж болмайын!»