Өзіне қол жұмсаған адамның жаназасы шығарылады ма?

Oinet.kz 15-09-2023 22020

Өзіне қол жұмсаған адамның жаназасы шығарылмайды деген рас па? Бұл сұраққа Fatua_kz-ке Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы "Шариғат және пәтуа" бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

Имам үлкен күнә адамды иманнан шығармайтынын және мұсылман адамның жаназасы шығарылуы керегін айтты.

"Бізде ханафи мазхабында бірнеше көзқарас бар. Бірақ тоқетері – өзіне қол жұмсаған адам өзін мұсылманмын деп санаған болса, басқа дінге өтіп кетпеген болса және өзіне қол жұмсауды ол адалға шығармаған болса, бұл адамға жаназа намазы шығарылады. Жаназаға адамдар қатыса береді. Ертеректе кей ханафи ғалымдары сақтандыру саясаты мақсатында, яғни бұл адамдардың арасында белең алмас үшін өзіне қол жұмсаған адамдарға жаназа оқымаған дейді кей кітаптарда. Бірақ бұл мазхабтың негізгі көзқарасы емес. Мазхабтың негізгі көзқарасы бойынша, өзіне қол жұмсаған адамның жаназасы оқылынады және адамдар да жаназаға келе береді. Неге? Өйткені өзіне қол жұмсау – бұл күнә. Дегенмен үлкен күнә адамды иманнан шығармайды. Ол өзіне қол жұмсаумен күнәға батты, бірақ ол мұсылман күйі қайтыс болды. Мұсылман адамның ақысы бар, оған жаназа шығарылуы керек. Сондықтан осы ұстаным – негізгі ұстаным. Оның жаназасы шығарылады", - деді Елбек Тасболатұлы.

Еске салайық, кеше 13 қыркүйекте Ақтөбеде 16 жастағы оқушы өзіне қол жұмсағанын жазған болатынбыз. Полиция бөліміне көршілерінің сарайынан 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Елдің берген садақасына» - Қабылбек Әліпбайұлының зәулім үйі елдің талқысына түсіп кетті
​Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу