Мүжілген сүйекті үйде қалдырма (қисса)

Oinet.kz 14-01-2020 1004

image.png

Сәмәндүн деген жын Сүлеймен пайғамбарға:

– Иә, пайғамбар, адамдардың барлығының Құдай бұйыртқан нығметі бар. Мен және менің ұрпақтарыма, қауымыма азық-тағамды Алладан сұрап, алып бер, – дейді. Сүлеймен:

– Адамдардың асынан кейін қалған астың ұнтағы, қоқымы, сүйек-саяқ сенің және ұрпақтарыңның азығы болсын, – депті.

Содан бастап жын-перілер астан кейін қалған ұнтақ пен сүйек-саяқты азық етеді екен. Әсіресе, желінген сүйекті түнде үйде қалдыруға болмайды. Өйткені, оны жеуге бір қауым жын-перілер келіп, үйді жайлап алады. Осыған орай халық арасында «Сүйек-саяқты үйде сақтамай, итке таста» деген тыйым шығыпты. 

«Отбасы хрестоматиясы»

Нұх пайғамбардың кемесіне қуанышты хабар жеткізген құс
Сүлеймен мен тоты құс (қисса)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу