Пейіште көрші болатын адам (аңыз)
Мұса кәлимолла Алладан:
– Иә, Алла, менің пейіште болатын ең жақын көршімді көрсетші, – деді. Ұлық Алла көрсетті. Қараса, өзі тұратын қаладағы қасапшы екен. Мұса таң қалады. Ертесіне қасапшыны іздеп, базарға барды. Одан:
– Ей, қасапшы, сенің Құдайға қай қылығың жақты? Не амал жасайсың? – деп сұрады. Қасапшы:
– Мен білімсіз қараңғы адаммын. Кітап оқи алмаймын. Бірақ үйде қартайған ата-анам бар. Мал сойғанда еттің жылы-жұмсағын соларға беремін. Олардан бұрын тамақ ішпеймін, – депті.
«Отбасы хрестоматиясы»