Сүлеймен мен байғыз (аңыз)

Oinet.kz 14-01-2020 1077

Сүлеймен мен байғыз.jpg

Бірде Сүлеймен патша Байғыздан:

– Сен неге түнде зарланасың? – деп сұрады. Байғыз:

– Адам баласының өмірі қиын, аманаты ауыр. Мен оларға өлетініңді ойлап, ақыретке қамданыңдар, – деймін.

– Не үшін адамнан жырақ жүресің?

– Адамдардың іштарлығы мен көрсеқызарлығынан зардап шеккім келмейді.

– Неге үнемі моланың басында жүресің?

– Адамның мәңгілік тұрағы мола ғой. Мен олардың өмірінің нәтижесін қабірстанда көремін.

– Басыңды неге жиі шайқайсың?

– Адам баласы ғапыл. Аталарын ажал алып кетсе де, өзін өлместей сезінеді. Соны ойлап бас шайқаймын.

– Көзіңді неге жұмасың?

– Бас көзінен көңіл көзі анық көреді.

– Неге бидай жемейсің?

– Атаңыз Адамды бидай жегені үшін Алла пейіштен қуды. Сол үшін жемеймін.

– Неге су ішпейсің?

– Нұхтың кезінде барша адамның ажалы судан болды. Сол үшін су ішпеймін, – депті.

«Отбасы хрестоматиясы»

Пейіште көрші болатын адам (аңыз)
Адамның тісі не деп үн қатады? (аңыз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу