Үш түрлі ана (әңгіме)
Бір аналар болады, баласына шұлық сатып алса: «Айтшы, кәне, бұл шұлықты кім әперді екен саған?»–деп сұрайтын. Сөйтеді де, өзін көрсетіп, баласын өзіне байлайды.
Енді бір аналар бар, баласына көйлек сатып әперіп: «Балам, бұл көйлекті мен сатып әпердім, бірақ әкең аман болсын. Себебі, мұның бәрі әкеңнің маңдай терісімен келген ақшаға алынды»,–деп баласын әкесіне байлайды.
Басқа бір аналар бар, баласына не сыйлық жасаса да: «Балам, ақшаны әкең берсе де, мен сатып әперсем де, мұның бәрі Алланың нәсібі, Алланың ырзығы, барлығы да Алладан келеді», – деп баласын Аллаға байлап, Аллаға парыздар, борыштар етеді. Сөйтеді де, баланы иманға, ғибадатқа, шүкірге ынталандырып, баланың өміріндегі сенім іргетасын қалайды.