Дұға тез қабыл болуы үшін

Oinet.kz 14-02-2020 1663

image.png

Әнас ибн Мәліктің (р.а.) жеткізуі бойынша бір күні Алла елшісінің (с.ғ.с.) жанында отырғанда дұға жасап отырған бір адамды көреді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сонда Әнастан: «Әлгі кісінің не деп дұға жасағанын және неге байланысты дұға жасап жатқанын білесің бе? – деп сұрайды да артынша сұраққа өзі жауап беріп былай дейді: «Ол еткен дұғасы сол сәтте қабыл болатындай етіп Оның ең маңызды есімдерін атап, Аллаға жалбарынуда, Алладан сұрауда».

Әлгі дұғаның оқылуы былай: «Йә бадиғас самауати уал ард йа хаййу йа қаййум инни әсалукә».

Мағынасы: «Уа, Раббым! Аспан мен жерді жаратқан, мәңгі тірі, зиянсыз Жаратушы Ием өзіңнен сұраймын» (Бұхари, Әдәбул-муфрад, 195).

Сонымен қатар, дұға етерден бұрын «Қамар» сүресінің 55-аятында кездесетін Алла Тағаланың екі есімін атау маңызды. Олар: «Мәлік» және «Муқтадир» есімдері. Құран тәпсіршісі Махмуд Алуси осы екі көркем есімнің дұға еткенде маңызды екенін айтады. Мәлік – ұлы басқарушы, Муқтадир – шексіз күш иесі деген мағынаны білдіреді. Олар мыналар: «Йа, Мәлику, йа, Муқтадир» дегеннен соң ары қарай өз мұқтаждықтарын сұрап, дұға жасай береді.

Жақсы достың 5 қасиеті болады
Жер қабылдамаған бейбақтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу