Алла жақсы көретін адамның сипаттары
Белгілі ғалым, хадис білгірі Хасан әл-Басри былай деген:
«Алла жақсы көретін адамды мына бір қасиеттері арқылы тануға болады. Олар:
✔Сөйлесе, өтіріксіз шындықты айтады;
✔Біреуге сөз берсе, оны міндетті түрде орындайды;
✔Туыстарымен қарым-қатынасын үзбейді;
✔Мұң-мұқтажға қарайласып, әлсіздерге қол ұшын созады;
✔Тәкәппарлық пен мақтаншақтықтан сақтанады;
✔Алланың бұйырғанын орындап, тыйғанынан алыс болуға, көркем мінез танытуға, Алла разы болатын істерді атқаруға тырысады»
(Хиләйәт-ул-әулия 1/270)