Үйдегі ұрыс-керістің алдын алатын дұға!

Oinet.kz 24-03-2020 1098

Үйдегі ұрыс-керістің тууына себеп болатын нәрсе көп қой, әрине. Алайда, «неге осы кейде ойламаған жерден, болмайтын нәрсе үшін керісіп қала береміз?» деген сұрақ сізді де мазалап жүрген жоқ па?

Иә, кейде ойламаған жерден от шығады. Сырттай қарасаң түкке тұрмайтын, айтуға да болмайтын дүние. Алайда, кәдімгідей ренжітіп, көңіліңді қалдырып тастайды. Ешқандай ауыз толтырып айтарлықтай себеп болмаса да, аяқ астынан шығып қала беретін мұндай ұрыстардың басы көбіне азғырушы шайтанның айтақтауы арқылы жасалады екен.

Шайтанның ең жақсы көретін ісі – ерлі-зайыптылардың арасын суыту, адамдарды бір-бірімен шағыстыру. Сондықтан оның арбауына түсіп қалмайын десеңіз, үйден шығарда және үйге кірерде Алланың атын айтып, арнайы дұғасын оқи жүріңіз!

Бұл ер адамға да, әйелге де, жалпы, сол үйде тұратын барлық адамдарға қатысты. Егер адам үйге кірерде және шығарда «Бисмилләһ» деп Алланың есімін атап, дұға оқып жүретін болса, шайтан ол адамнан алыстайды және оған ықпал ете алмайды.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім үйден шығарда: «Алланың атымен Аллаға тәуекел еттім. Алланың күш-қуатынан асқан ешқандай күш-қуат жоқ» (БисмиЛләһ, тәуаккәлту ‘әлә-Ллаһ, лә хаулә уә лә қуууәта иллә билләһ) десе оған: «Сен тура жолдасың, құтылдың әрі қорғаулысың» деп айтылады. Сол кезде шайтан ол адамнан қашады да басқа шайтанға барып: «Сен тура жолдағы, құтылған әрі қорғалған адамға не істей аласың?» деп айтады», - деген. Осы xадистегі «құтылды» деген сөз туралы ғалымдар: «Ол адам адамға екі дүниеде уайым салатын нәрсенің барлығынан құтылады», - дейді. (Әбу Дәуд)

Ал үйге кірер кезде айтылатын дұға мынау:

Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық. Раббымызға тәуекел еттік.

«Бисмилләһи уәләжнә, уә бисмилләһи харажнә, уә ъалә раббинә тәуәккәлнә»

(«кейін үй ішіндегілерге сәлем берсін» делінген)

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)«Кісі үйіне кірерде және тамақ жейтін кезінде Алланы есіне алса, шайтан: «Бізге бұл үйде түнейтін орын да, кешкі ас та жоқ» деп кетіп қалады. Ал ол (үйіне) кіргенде Алланы есіне алмаса: «Біз түнейтін орын таптық!» деп қуанады. Ал тамақ жейтін кезінде Алланы есіне алмаса: «Біз түнейтін орынды да, кешкі асты да таптық» дейді», - деген. (Муслим)

Сондықтан барынша Алланың есімін атап, шайтанның сіздің отбасыңыздан аулақ болуына жағдай жасай жүріңіз!

«Құлшылық» деген не?
Періштелер жерге түсетін 10 жағдай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу