Адамды құрдымға кетіретін 7 үлкен күнә

Oinet.kz 15-08-2020 938

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Құрдымға жіберетін жеті нәрседен сақтаныңдар»,- деді. Сонда сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі (с.а.у.)! Ол жеті нәрсе не?», - деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Аллаға ортақ қосу, сиқырлық, жазықсыз адам өлтіру, өсімқорлық, жетімнің малын жеу, соғыс майданынан қашу және ары таза мүмін әйелге жала жабу», - деп жауап берді (Бұхари, Муслим).

 Z0HKvxSFjHkOGa5N-lg.jpeg

1. Аллаға серік қосу

«Шындығында Алла Өзіне серік қосқанды кешірмейді, ал одан басқаны (басқа күнәні) қалаған пендесіне кешіреді. Кімде-кім Аллаға серік қосса, ол қатты адасады» (Ниса, 116); 

«Алламен бірге тәңір шақырма. Онда сен де азапқа ұшыраушылардан боласың» (Шұғара, 213); 

«Және де Алладан өзге саған пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге жалбарынба. Егер оны істесең, онда күдіксіз сен залымдардан боласың» (Жүніс, 106, 107); 

«Егер олар ортақ қосса еді, әрине олардың істеген амалдары жойылып кетер еді» (Әнғам, 88);

«Сендердің Алладан өзге шоқынғандарың сендерге де жәрдем ете алмайды әрі өздеріне де жәрдем ете алмайды» (Ағраф, 197). 

2. Сиқыр жасау

«(Олар Тәуратты қойып) Сүлейменнің (а.с) патшалығы заманындағы шайтандар оқыған (сиқыр) ға ілесті. Сүлеймен (а.с) қарсы келмеді (сиқыр жасамады). Бірақ шайтандар, адамдарға сиқыр үйретіп, кәпір болды. Олар Бабылға "Һарут, Марут" атты екі періштеге түсірілгенді үйретті. Ол екі періште: "Біз сынақ үшін келдік, қарсы болмаңдар" деп айтпайынша ешкімге үйретпеген. Сонда да олар, екеуінен: Ер-әйелдің арасын ажыратып, араздастыратын сиқырлықты үйренетін еді. Олар, Алладан бұйрықсыз ешкімге зиян бере алмайды. Олар өздеріне зиян келтіретін, пайда бермейтін нәрсені үйренетін еді. Расында олар оны айырбастап алғанға (Алланың кітабының орнына сиқыр үйренгеге) ақыретте несібе жоқтығын білді. Олар, өздеріне нендей жаман нәрсе сатып алғандықтарын білген болса еді» (Бақара, 102);

«Ей, мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (бұттар) және бал ашатын лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар. Негізінен шайтан, арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Алланы еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма?» (Мәида, 90-91)

3. Жазықсыз адам өлтіру

«Өздеріңе біреу шабуыл жасаса, Құдай жолында сендер де соғысасыңдар. Тек өздерің килікпеңдер. Анығында, Алла шектен шыққандарды ұнатпайды» (Бақара, 190);

«Бейкүнә адамдарды өлтіруші болмаңдар, ол – Тәңірі тыйым салған іс. Егер біреу нақақ өлтірсе, кек алу құқығы өлген адамның жақын туысына беріледі. Ол бірақ кек алуда шектен тыс шықпауы керек. Шыдығында, оған жәрдем болады" (Исра, 33);

«Кімде-кім мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы жаһаннам және ол онда мәңгі күйеді. Алланың қаһары мен қарғысына ұшырайды. Тәңірі оған ауыр азап дайындайды» (Ниса, 93).

4. Өсімқорлық

«Пайыз (өсім) жегендер қиямет күні қабірлерінен қояншық ауруы бар адамдай есеңгіреп тұрады» (Бақара, 275);

"Алла тағала пайыз (өсім) алған және бергендердің мал-мүліктерін жояды. Ізін де, белгісін де қалдырмайды. Зекет бергендердің мал-мүліктерін әлбетте арттырады.» (Бақара, 276);

"Әй, мүміндер! Алладан қорқыңдар. Егер сенсеңдер, өсімнен қалып қалған (аласыларыңды) қалдырыңдар (алмаңдар). Егер оны істемесеңдер, (өсім алғанды қоймасаңдар) бұны Аллаға, Пайғамбарына қарсы соғыс деп біліңдер. Егер тәубе қылсаңдар, сонда малдарыңның басы өздеріңдікі. Зұлымдық етпеген және зұлымдыққа ұшырамаған боласыңдар». («Бақара», 278, 279).

5. Жетімнің малын жеу

«(Ей, Мұхаммед!) Олар сенен жетімдер туралы сұрайды. «Оларды  түзелткен жақсы (яғни, жетімдерді тәрбиелеп өсірген жақсы, жетімнің әкесінен қалған мал-мүлкін қорғап, бағып берген жақсы), (әкесіз қалған бейшара жетімдердің мүддесіне бола) олармен араласып (өмір сүріңдер) жасаңдар. Олар сендердің діндес туыстарың. Алла бұзушыны түзеушіден айырып біледі (Бақара, 220);

«Жетімдерді үйлену (жасына) жеткенше сынап тұрыңдар. Егер олардан (мал-мүлкіне ие боларлық) естиярлық (қабілетін) байқасаңдар, оларға мал-мүлкін тапсырып беріңдер. Олар есейгенше мал-мүлкін шашып (ысырап қылып) тездетіп жеп алмаңдар. Бай болғандар (жетімді бағып, қарағанына бола) жетімнің малын жемесін. Ал кедейлер (оны бағып-қаққан еңбегі үшін) лайығымен жесін. Жетімдердің мал-мүлкін тапсырып берген кезде айғақшы қойыңдар. Есеп алуға Алла жеткілікті» (Ниса, 6);

«Жетімдердің малын зұлымдық істеп жеп алғандар ішіне от жұтып алған болады. Олар сөзсіз тозаққа тасталады»(Ниса, 10).

6. Соғыс майданынан қашу

«Ал және кім соғыс күні, соғыс майданын ауыстыру немесе топқа қосылудан басқа түрде шегінсе, әрине Алланың қаһарына ұшырайды. Орны тозақ, нендей жаман орын!» (Әнфал, 16).

7. Арлы әйелге зина жаласын жабу

«Расында абыройлы мүмін, ақ ниет әйелдерге жала қойғандар дүние, ақыретте қарғалды. Әрі олар үшін ірі азап бар» (Нұр, 23).

Рамазан айына қалай дайындалу керек?
Бай болғысы келетін жан ақша жұмсамауы тиіс 7 жағдай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу