Қолға сия жұқса, дәретке кедергісі бар ма?

Oinet.kz 14-08-2020 1136

Ассалаумағалейкүм уа рахматуллахи уа баракатуһ! Қолға сия жұғып қалса, алынған дәрет есептелінбей ма? 

ydezgKqwhRCA4zsS-lg.jpg

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Қолға жұққан сия себепті терінің бетінде әлдебір қабыршақ пайда болмайтындықтан, дәретке немесе ғұсылға кедергісі жоқ. Мәселен, қолға сыр, яғни, бояу жағылса, соның салдарынан терінің бетінде су өткізбейтіндей әлдебір қабыршақ пайда болуы мүмкін. Сол себепті, дәрет алмастан бұрын арнайы бояу кетіргіштердің көмегімен кетіріп, одан соң дәретін алғаны абзал. Ал, сия жағылған жағдайда терінің бетінде қабыршақ пайда болмайтындықтан, алған дәретіңіз есептеледі. 

Абдусамат Қасым

«Мудараба» деген не?
Жабайы кептердің етін жеуге бола ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу