Үш кісімен Алла Тағала қиямет күні сөйлеспейді!

Oinet.kz 30-08-2020 1481

:وعن أبي هريرة قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم 

  ثلاثةٌ لا يكلمهم الله يوم القيامة، ولا يزكيهم، ولا ينظر إليهم، ولهم عذابٌ أليمٌ: شيخٌ زانٍ، وملكٌ كذابٌ، وعائلٌ مستكبرٌ؛

 (رواه مسلم)

image.png

Сахаба Әбу Һурайрадан жеткен хадисте, Алла елшісі былай деген:

«Үш кісімен қиямет кұні Алла Тағала сөйлеспейді, оларды тазартпайды, оларға қарамайды және олар үшін қорқынышты азап бар. Ол үш кісі:

1. Зина жасаушы қарт (шал).

2. Өтірікші патша.

3. Тәкәппар кедей. 

(«Сахих Мүслім» атты хадистер жинағынан).

Хадистен алынатын тағылым:

Құдай Тағала қиямет күні кейбір адамдардың бұ дүниеде істеген істері себепті кешіру былай тұрсын, олармен сөйлеспейді де, оларға қарамайды да екен. Алла Тағаланың қарамауы – рахымынан мақұрым етуі. Сөйлеспеуі - мейір-шапағатын төкпеуі. Ал тазартпауы – кешірім жасамауы немесе пенденің жасаған игіліктерін қабыл етпеуі деп түсінуге болады.

Зинаның күнәсі ауыр. Бірақ, ондай күнәға өзгелерге ақыл айтар жастағы қарт кісінің баруы екі есе ауыр.

Жалған сөз сөйлеу, біреулерді алдау - ауыр күнә. Бірақ ел басқарып отырған патшаның суайт болуы екі есе ауыр.

Тәкәппарлық - өзін өзгеден артық көру, өзгені қор көру дегенді білдіреді. Тәкәппарлық дінімізде ауыр күнәлар қатарынан. Бірақ кедей кісінің сондай күнәға баруы басқамен салыстырғанда күнәсі ауыр.    

Дереккөз: islam.kz

Исламда мұсылман баласына қарғыс айтуға бола ма? ​
​Жардан өзіңді тасташы, көрелік, Құдайың сені құтқарар ма екен?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу