«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Пенде болғасын дүниені көп ойлап тұрамыз. Ақыретті ойлау нәпсімізге "қиын".
1. Мұсылман болып жан тапсырам ба, әлде кәпір болып жан тапсырам ба?
2. Қабірім жұмақ бақшасының бірі бола ма, тозақ шұңқырының бірі бола ма?
3. Мүнкар мен Нәкир періштелердің сұрақтарына жауап бере аламын ба?
4. Қабірден тұрғанымда жүзім ақ болып тұра ма, жоқ қарайып кете ме?
5. Қылкөпірден пыраққа мініп өтем бе, жоқ сүйретіліп қалам ба?
6. Амал дәптерім оңымнан беріле ме, солымнан беріле ме?
7. Өмірімнің есебін бере аламын ба, бере алмаймын ба?
8. Жұмаққа барамын ба, Тозаққа барамын ба?
Иә, анығында бұл жайттарға мұсылмандардың баршасы алаңдауы тиіс. Өкініштісі, біз сондай жайбарақатпыз...