Арман Қуанышбаев: «Біздің әйелдер көп әйел алуды қабылдай алмай жатыр»
ҚМДБ РАНТ мүшесі, Кентау қаласы Балаби қарилық орталығының директоры Арман Қуанышбаев біздің қоғам тоқал алуды қалай қабылдайтыны жөнінде айтты.
"Көп әйел алуға біріншіден, қоғамымыздың дайын еместігі. Егер ол қоғамға біртіндеп енетін болса, бұл жанұяларда тұрып көрген ұл-қыздар ертең бұны қарапайым қабылдай бастайды. Бұған кемінде 15-20 жыл уақыт керек сияқты.
Екіншіден, әйелдеріміздің тәрбие мәселесі. Әйел затының осы нәрсені, яғни, көп әйел алуды қабылдай алмай жатқандығы. Бұл да үлкен өзгерісті талап ететін дүние", - деді Арман Қуанышбаев.