Ашуды ауыздықтайтын 3 әдіс

Oinet.kz 03-07-2020 1472

«Ашу бар жерде ақыл тұрмайды» деп қазақ бекер айтпаған. Иә, ешкім ашулайыншы, осы мен бір мінез шығарып, дауыс көтерейінші демейді ғой. Бірақ кейде адам өз қалауынан тыс ызаға ерік беріп қоятыны жасырын емес. Жер қозғалса да қозғалмайтын сабырлы адамның өзі бір күн болмаса да бір күні шыдамы таусылып, дауыс көтеруі мүмкін. Себебі, жазушы Оралхан Бөкей айтпақшы, тоғайдағы торғайда да ашу бар. Солай емес пе? Иә, ашулану деген – адамның еркінен тыс болатын тосын дүние. Бірақ бұл ашуды ауыздықтауға болмайды деген сөз емес. Ашуды жеңуге болады! Қалай? Міне, бүгін сол сұрақтарға жауап беріп көрмекпіз.

image.png

1. Ашу шайтаннан екенін біліңіз. Ол адамды жетегіне алып, дегеніне көндіргісі келетіндіктен, мұндай кезде адам ақылымен емес, эмоциясымен шешім шығарып қоюы әбден мүмкін. Себебі, мұндай жағдайға түскен адам өз-өзін бақылауда ұстай алмайды. Сондықтан ашу қысқан алғашқы сәтте, ең алдымен, қуылған шайтанның кесірінен Аллаға сыйыну керек. (Аъузу билләһи минәш-шайтанир-ражиим)

2. Дәрет алыңыз. Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, ашу – шайтаннан, ал шайтан оттан жаралған, отты сумен өшірмей ме, сондықтан, егер араларыңда біреу ашуланса, дереу дәрет алсын», - деген. (Ахмад)

3. Ашу адамның еркінен тыс дүние болғандықтан, үнемі «Иә, Алла, менің түр-сипатымды әдемі еткеніңдей, мінез-құлқымды да көркем ете гөр!» деп дұға жасап жүріңіз. Сонымен бірге жақсы мінез қалыптастыратын мына дұғаны айтып жүруіңізге де болады:

«Иә, Алла! Мені ең жақсы мінездерге жетелей гөр. Өйткені, оның ең жақсысына Сенен басқа ешкім жетелей алмайды. Және оның жаманын менен бұрғайсың. Өйткені, оның жаманынан мені Сенен басқа ешкім де айықтыра алмайды. (Ибн Әби Шәйба)

«Аллаһуммаһ-дини ли әхсәнил-әхләәқ, фә иннәһу лә йәһди ли-әхсәниһә иллә әнтә, уәсриф ъанни сәий-әһә лә ясрифу ъанни сәийәһә иллә әнт».

Жұма күні оқылатын дұға
Бас мүфти қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу