Алла Тағала жақсы көретін 7 адам

Oinet.kz 03-06-2020 1397

Сізді жоқтан бар еткен, барлық құдірет тән болған, сұраған дұға-тілегіңізді қабыл етіп, таудай болған күнәңізге кешірім берген, таусылмайтын шексіз құдірет иесі Алла Тағаланың өзіңізді жақсы көргенін қалайсыз ба? Ендеше, сіз де осындай жан болыңыз.

image.png

1. ҮНЕМІ ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАТЫН АДАМ

«Алла жолында (мал-дүниелеріңді) жұмсаңдар, өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар. Әрі игілік істеңдер. Шын мәнінде, Алла ықыласпен игілік істеушілерді жақсы көреді»(«Бақара» сүресі, 195-аят).

Қасиетті Құранда баяндалғандай, Алла Тағала адамдар арасында көмекке мұқтаж жандарға  қол ұшын беретін жомарт құлдарын айрықша жақсы көреді.

Мұқтаждың мұңын бөлісіп, кем-кетікке қарайласу, мал-мүлкін Алла жолында жұмсау – қоғам арасындағы қайырымдылықты арттырып, бақытты өмір сүруге жетелейтін ізгі амалдардың бірі.

2. ӨЗ ҚАТЕСІН МОЙЫНДАП, АЛЛАДАН КЕШІРІМ СҰРАЙТЫН АДАМ

«...Анығында, Алла істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтушыларды (тәубе етушілерді) жақсы көреді әрі тазарушыларды жақсы көреді» («Бақара» сүресі, 222-аят). Егер сіз де Алланың жақсы көретін құлдарының бірі болғыңыз келсе, үнемі кешірім сұрау дұғасын айтып жүріңіз. Кешірім сұрау дұғасы: «Астағфируллаһ» («Алла Тағала мені кешірсін»)

3. АЛЛАҒА ТӘУЕКЕЛ ЕТКЕН АДАМ

«...Егер қандай да бір іске бел бусаң, бір Аллаға тәуекел ет. Расында, Алла тәуекелшіл құлдарын жақсы көреді» («Әли Имран» сүресі, 159-аят)

Аллаға тәуекел қылу – барлық іс-қимылдарымыздың барысы мен Оған нәтижесін тапсыру.

4. ӘДІЛЕТТІ АДАМ

«...Ал олардың арасында билік айтсаң, әділ үкім шығар. Расында, Алла әділетті жандарды жақсы көреді» («Мәида» сүресі, 42-аят).

Әділдік ұлы қасиет, оның ұлықтығы. Ол - Алланың көркем есімдерінің бірі. «Ал-Адл» (Әділетті).

5. ТАҚУА АДАМ

«...Алла Өзіне қарсы келуден барынша сақтанатын (уәдеге берік) тақуа жандарды өте жақсы көреді» («Тәубе» сүресі, 4-аят).

Иә, егер өзіңізді Алла Тағаланың жақсы көргенін қаласаңыз, тақуа құлдарының қатарынан болыңыз. Осы орайда "тақуалық дегеніміз не?" деген орынды сұрақ туындайды.  Қысқа қайырсақ, тақуалық дегенiмiз - Алла Тағалаға бойұсынып, шариғатқа сай тiршiлiк ету, күнә iстеуден сақтану. Ал Шәкәрім Құдайберді ұлының сөзімен баяндасақ - Ислам жолымен айтсақ, нағыз тақуа мұсылман, ал ғылым тілімен айтсақ, ойшыл ғалым, кемеңгер парасат иесі.

6. ШЫНШЫЛ АДАМ

«Әркез қара қылды қақ жарғандай тура болыңдар. Өйткені Алла турашылдарды жақсы көреді! » («Хужурат» сүресі, 9-аят)

Яғни бір нәрсе айтсақ, өтірік қоспай, дұрыс сөз сөйлеу. Өтірік айту күнәлардың ең жаманы, кемшіліктердің ең нашары, көңілдерді (жүректерді) қарайтатын бүкіл жамандықтардың басы. Хадисте былай делінеді:

 «Дұрыс болыңдар, дұрыстық жақсылыққа, ал жақсылық  жәннатқа тартады. Өтіріктен сақтаныңдар, өтірікшілік күнәға, ал күнә жаһаннамға тартады» (Бұхари).

7. БАСҚАНЫҢ АҚЫСЫНА КІРМЕЙТІН АДАМ

«...Алла әділдікке, адам құқығына ерекше мән беретіндерді жақсы көреді» («Мумтахана»  сүресі, 8-аят).

Ешбір пенде белгіленген ризығын алмай өмірден өтпейді
Ең қиын 3 әрекет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу