Ешбір пенде белгіленген ризығын алмай өмірден өтпейді

Oinet.kz 02-06-2020 1034

Аллаһ елшісі (с.ғ.с): «(Қасиетті Рух) Жебірейіл періште тәніме үрлеп: «Ешбір пенде белгіленген өмірін толық сүрмей әрі жазылған ризығын толық алмай дүниеден өтпейді. Құдайдан қорқыңдар да ризықты адал, көркем жолмен табыңдар. Ризықтың уақытынан кешігуі оған күнәлі жолмен тез жетуге ұрындырмау керек. Аллаһтың қасындағы несібе пендеге, тек Оған мойынсұнумен ғана келеді» - деді деген». (Хаким, Табарани).

image.png

Әрбір мұсылманға кәсіп етіп, күш-жігерін аямау міндет етілген. Аллаһтың бөліп берген ризығына разы болуға, байлық пен кедейліктің қайсысы келсе де масаттанып мастанбауға және қайғырып налымауға міндеттелген. Кедейлік келсе ол Аллаһ елшісіне (с.ғ.с) пайда берген хайырлы кедейлік болуы мүмкін. Ал байлық келсе ол Қарынбайды сараңдыққа ұрындырып, құрдымға кетірген секілді опық жегізуі мүмкін.

Аллаға қарыз беру
Алла Тағала жақсы көретін 7 адам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу