Ешкімге зияным жоқ, бірақ намаз оқымаймын…

Oinet.kz 19-05-2020 1618

Күндердің күнінде намаз оқымайтын Карим есімді мұсылман намаз оқитын Жалилге келіп сұрапты:

61021_95188-670x400x.jpg

— Жалил, сен маған айтшы, мәселен, мен намаз оқымаймын, бірақ өзгелерге жақсылық көп жасаймын, ішпеймін, шекпеймін, ұрлық жасамаймын, жағдайым келгенше жақсылық жасауға әрекет етемін. Ал кейбір мұсылмандар намаз оқығанымен жақсылық жасаудан жұрдай, мінезі шатақ болады. Ендеше мен неге ондай адамдардан жаман болуым керек,-дейді. Жалил ақырын ойланып мәселені ақылмен тыңдауын өтініп былай дейді:

—  Әлде бір бала дүниеге келген уақытта оның ата-анасы дәулетті болады. Ол есейіп жетілгенше барлық жақсылыққа кенеліп өседі. Ата-анасы күтпеген жерден сыйлықтар жасап, барынша қамқор болады. Ол есейіп жетілгеннен кейін ата-анасы одан өздеріне келіп, жағдай сұрасып, келіп тұруын сұранады. Алайда ол ешкімге жамандық жасамайтынын айтып, ата-анасына мүлде бармайды. Енді ойланшы, бұл адам жақсы адамдар қатарына жата ма? Карим:

— Жоқ әрине. Жалил:

— Алла Тағала бізге ата-ана берді, денімізге саулық, басымызға баспана берді. Бұдан бөлек өзге ризық-несібемізді айтпағанда, дене-мүшемізді мүгедек етпей ешбір кемшіліксіз жаратты. Енді айтшы, осының барлығын біздерге сұрамай-ақ, ақысыз тегін берілді. Бұдан кейін Жаратқанның қадірін ойламай, оған ризашылығын білдіріп, 24 сағаттың ішінде 1 сағатын намазға бөле алмаған адам жақсы адам болып санала ма?-деп Каримді ұялтып қойған екен.      

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы     

Садақа дүние-мүлікті арттырады
Бір түсті қайталап көрсеңіз...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу