Азанды мазаққа айналдырған бала
Бір күні азан оқылып жатқан кезде бір топ бала оқылып жатқан азанды ойынға айналдырып, азан шақырушыны мазақтап жатыр еді. ⠀
Балалардың осы бір қылығын байқаған Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оларды қасына шақырды. ⠀
«Азанды мазақтап жатқан кім?» деп сұрап еді балалардың бәрі бірауыздан бір баланы көрсетті. ⠀
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) балаға бұрылып: «Даусың қандай әдемі еді, маған азан оқып берші» деп өтініш жасады. ⠀
Азанды мазаққа айналдырған бала азанның сөздерін білмеуші еді, ұялып кетті. ⠀
Мейірім Пайғамбары (с.ғ.с) балаға күлімсіреп қарады да өзі азан оқып берді. ⠀
Одан кейін: «Ал, енді қайталай ғой» деді.⠀
Бала естіген азан сөздерінен есіне сақтай алғандарын қайталап айтып берді. ⠀
Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) балаға бір уыс ақша берді. ⠀
Жазалануды күтіп тұрған бала өзіне ұсынылған сыйлықты көріп абдырап қалды. ⠀
Не болғанын түсіне алмай тұрғанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қолын баланың маңдайына қойды да, шаштарын сипады. ⠀
Одан кейін қолын баланың көкірегіне апарып, оған дұға жасады: «Аллаһ сені мүбарәк қылсын, саған берекесін жаудырсын».⠀
Қазірге дейін Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) тартынып, қорқып тұрған балада Мейірім Пайғамбарын (с.ғ.с) іштей жақсы көре бастады. Жаңа ғана жағымсыз бір қылықпен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) алдына келген бала күрт өзгеріп, Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) өзін Меккенің азан шақырушы етіп тағайындауын сұрады. ⠀
Баланың осы бір шынайын өтінішін естіген Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған күлімсіреп, мейіріммен қарады. ⠀
Әрине, оның саф, тап-таза өтінішін жерде қалдырмады, бала Меккенің азан шақырушысы болды.⠀