Тілегіңіздің қабыл болуының 2 кілті
Барша адамдар әркез Алла Тағаладан түгесілмейтін толассыз тілектер тілеп жатады. Оның орындалғанын шексіз қалайтыны анық. Ендеше, тілегіңіздің қабыл болуының 2 кілті бар:
Біріншісі - намаз арқылы Алладан сұрау;
Екіншісі - "тілегім қабыл болмады" деп үмітсіздікке ұрынып кетпей, сабыр етіп нәтижесін күту!
Өйткені, Алла Тағала Құранда:
«Әй, мүміндер! Сабыр және намазбен (Алладан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла сабыр етушілермен бірге», - деген.
(«Бақара» сүресі, 153-аят)