Рухтың екіге жарылуы...(ғибратты әңгіме)
Бір күні Мәжнүн түйесін жолға әзірлеп, Ләйле тұратын ауылға аттанбақшы болады. Екеуі біраз жол жүреді. Мәжнүннің бар арманы ертерек Ләйләсына жету болды. Ал түйе болса, артта қалған ботасын сағынып, тезірек ауылға қайтуды ойлады.
Мәжнүн есін ұмытып, түйенің жүгенін қолынан шығарып алғанын түйе де сезіп, ат басын ауылға бұрып, ботасына қайтып кете берді.
Мәжнүн өз-өзіне келген соң түйесінің қайтадан артқа қайтып кеткенін көреді. Осылайша үш күн өтеді. Мәжнүн өзін ұзақ жылдар бойы сапарда жүргендей сезініп, не істерін білмей дал болады.
Ақыр соңында ол түйесіне:
«Жануарым! Екеуміз де ғашықпыз. Алайда біздің ғашықтығымыз екеумізді мүлде қарама-қайшы бағытқа жетелеуде. Ендеше, біз жолсерік бола алмаймыз, ең дұрысы, екеуміз екі бөлек кетейік»,– деп өзі жалғыз жолға шығып кеткен екен.
Бұл жердегі Мәжнүн – адам баласының рухы. Ол Өзінің Жаратушысына, Раббысына мұқтаж, асық. Ал түйе болса, адам баласының нәпсісі, менмендігі. Адамның материалдық қажеттілігінің бейнесі. Адамның өзімшілдігі «ботасына» қарай асығады, яғни- өзінің қалауына қарай асығатынын баяндауда.