Ымыртта балаларыңызды үйде ұстаңыз!
Баланы кесірден, ауру-сырқау, бәле-жаладан сақтаудың бір әдісі - кешке жер бетіне жындар таралатын уақытта оларды үйде ұстау.
Сахабалардың бірі Жәбир (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген:
«Балаларыңды түн басталарда (күн батар шақта) өздеріңе жақын ұстаңдар, өйткені, расында, осы уақытта жер бетіне шайтандар таралады, ал біраз уақыт өткеннен кейін балаларды жіберулеріңе болады.
Әрі түнде үйлеріңнің есігін Алланың атын айтып ("Бисмилләһ" деп) жауыңдар, жарықты да Алланың атын айтып өшіріңдер, әрі торсықтарыңды Алланың атын еске алып байлаңдар және ыдыстарыңды да Алланың атын еске алып жабыңдар. Егер жабатын еш нәрсе болмаса, ең болмағанда оның үстіне көлденеңінен бір нәрсе қойыңдар» (Бұхари, Муслим)
Дереккөз: asylarna.kz