Түсіңізде ақша көрсеңіз...

Oinet.kz 02-03-2020

Түсіңізде ақша көргенде бұны қалай жоруға болады? Бұл сұрақтың жауабы sonnik.ru сайтынан алынды.

Егер түсіңізде ақша тапқан болсаңыз, ұсақ-түйек қиындықтар аяқталып, табысқа қол жеткізесіз.

Ақшаны біреуге беріп жатсаңыз, көп ұзамай өміріңізде сәтсіздіктер басталады. Ал біреуден ақша алсаңыз, керісінше сізді байлық пен жетістік күтіп тұр.

Картинки по запросу

Ақша жоғалтып алсаңыз, істеріңізде қиындықтар туындап, отбасында жанжалдар болады.

Түсіңізде ақша санап, оның жетпей тұрғанын анықтасаңыз, өңіңізде күтпеген шығындар болады деген сөз.

Морфей патшалығында ақшадан қысылып, үнемдеп жүрсеңіз, шынайы өмірде байлыққа кенелесіз.

Ал ақша ұрласаңыз, бұл шынайы өмірде сізге қауіп төніп тұр, абай болуды ескертетін түс.

Егер тиын немесе қағаз ақшаға үңіліп қарап тұрсаңыз, табысыңыз өзіңіздің пысықтығыңызға тәуелді болғаны.

Қомақты ақша сомасын қарызға алғаныңыз түсіңізге кірсе, шын мәнінде айналаңыздағы адамдар сізді бай деп ойлайтыны. Араларында сізді сараң деп есептейтіндер де жоқ емес екен.

Тұрмысқа шықпаған бойжеткен қарызға алған ақшаның барлығын жұмсап тастағанын көрсе, бұл оның жақын досынан айырылып қалуы мүмкін екенін ескертеді.

Жұма намазына қатыспауға рұқсат берілген себептер
Таң намазын оқудың 8 пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу