Салафиттер деген кімдер? Олардың мақсаты не?

Oinet.kz 06-02-2020 2204

Қазақ тіліне аударғанда араптың «салаф» деген сөзі «алғашқы» деген мағынаны білдіреді. Дін Исламда салафтар деп діндегі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аттарын атап көрсеткен үш буын өкілдері айтылады. Бұлар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көзін көріп, дінді Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) тікелей алған сахабалар, сосын оларды көріп, олардан дін үйренген табғиндар және үшінші буын табғиндарды көріп, олардан дін үйренген таба-табғиндар. Осылардың ішіндегі таза салаф – алғашқылар сахабалар ғана. Одан кейінгілер сахабалардан кейін болғандықтан оларға «халаф», яғни кейінгі болып саналады. Бірақ бұл кейінгілік олардың ешбірінің де беделін түсіре алмайды. Дінде, міне осы 3 буын өкілдері ғана салафтар немесе салафи-с-солихиндер деп аталады.

Салафтар мен салафиттер туралы ақиқат

Міне, осылардан кейінгі ешбір адам өзін салаф қатарына қоса алмайды және салаф бола алмайды. Осы себепті ваххабия ахидасының өздерін «салафтармыз» деуі ешбір қисынға келмейді, бұны тіпті олардың шейхтары да айтпайды.

Бүкіл әлемде қанқұмарлығы мен жәдігөйлігі, жауыздығы мен жадылығы үшін абыройдан жұрдай болған ваххабия ахидасының адамдарына өздерін сақтап қалу керек болды. Олар осы үшін жанталасты. Осыдан келіп, ваххабизм шейхтары «Ваххабия ахидасының мақсаты бидағаттардан арылтып, дінді алғашқы бастаудан бастау еді, яғни діни фундаментализм болды. Ал ол дегеніміз - салафтар жолы, сондықтан біздер мазхаб емес салафтардың жолын тікелей ұстаушы, жалғастырушы, оны бидағаттардан арылтушымыз» деп жариялады.

Бүгінгі салафизм терминінің шығу себебі осы ғана. Оның аты өзгергені болмаса мазмұны мен мәні еш өзгеріссіз, пайда болған күнінен бастап, бүгінгі күнге дейін күллі мұсылмандарға өлім-жітім әкелген ваххабизм. Бүгінгі салафизм ахидасын ұстанушылардың ваххабизмге қосқан, не одан алып тастаған ешбір өзгешелігі жоқ. Кітаптары да ортақ, шейхтары да ортақ, амалдары да ортақ, ахидалары да ортақ. Бұл тұрғыдан алғанда бұлардың өздерін салафимыз деп айтуға еш хақысы жоқ. Нағыз салафтар болып нағыз салафтардың жолын ұстаушылар, олардың сүннаттары мен ахидаларынан еш ажырамағандар болып табылады.

Міне, осының өзі біріншіден бұл ағымның ешқандай салафтарға қатысы жоқ екенін көрсетсе, екінші жағынан бұлардың мақсаты - таза дін емес, таза дінге фитна, алауыздық туғызу. Екі адамды ұрыстырып, ортасынан пайда табу секілді бір мемлекетті ішінен топалаң жасау да пайда табудың бір түрі ғана. Бұл жерде дін жоқ, тек бизнес бар. Осы себепті де салафизмге дін ретінде тыйым салынуға тиіс.

Жақсы әйел қайдан табамын? 
Бес уақыт намаздың шығу тарихы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу