Ас қайыру міндет пе?

Oinet.kz 30-01-2020 2573

Алла Тағала мұсылмандарға: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңе берген ризықтарымыздың тазаларынан жеңдер де, Аллаға шүкірлік етіңдер, егер расымен Оған құлшылық еткен болсаңдар», – деп бұйырады. 

image.png

Сондықтан да мұсылманның тамақ жеуден бұрын «Бисмилләхир рахманир рахим» деп айтқаны дұрыс. Тамақтанып біткеннен кейін Алланы мадақтап, шүкір ету әдеп саналады. Өйткені, біз қорек еткен барлық нәрсе Жаратқан иеміздің берген ризығы. Сол себепті Алланың берген нығметіне пенденің шүкір етуі уәжіп. 

Омар ибн Саләмә (одан Алла разы болсын): «Бала кезімде мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қамқорлығында болдым. Әдетте мен қолымды ортаға қойылған ыдыстың әр тарапына соза беретінмін. 

Бір күні Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) маған: «Ей, балақай! «Бисмиллә» деп айт, оң қолыңмен же, және өз алдыңнан же!» деді. Содан бері мен тек солай тамақтанамын», – деп айтқан екен. 

Ал тамақтан соңғы дастархан батасы әртүрлі болуы мүмкін. Оның қысқасы әрі кең таралғаны: «Әлхамду лилләһил ләзи атғамәна уә сәқана уә жәғаләна минәл мүслимин» (Бізді ішкізіп-жегізген және мұсылман еткен Аллаға мақтау болсын!). 

Вирустан сақтайтын 3 шипа дұғасы
Адыраспан хикаясы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу