Зекетті (садақаны) алдымен кімге берген жөн?
Зекетті (садақаны) алдымен кімге берген жақсырақ?
Жауап: Зекет, пітір және нәзірді мына тәртіппен берген жақсырақ:
1. Аға-інілері мен әпке-қарындастарына;
2. Олардың балаларына;
3. Әке жағынан ағалары мен апаларына;
4. Олардың балаларына;
5. Нағашылары мен нағашы апаларына;
6. Олардың балаларына;
7. Ағайындарына;
8. Көршілеріне;
9. Бірге жұмыс істейтіндерге;
10. Бір ауылда не қалада тұратындарға.