Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) аналар жайлы не деген?

Oinet.kz 18-02-2019 1279

«Адамдарға ата-анасына қарайласуды бұйырдық. Ананың оған мешеулік үстіне мешеуліктен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның мен жақ». ( Құран, «Лұқман» сүресі, 14 аят)

Screenshot_9.jpg

«Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе «түһ» деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мәрхабат құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей, сен де оларды мәрхабатыңа бөлей көр!» - де». (Құран, «Ісра» сүресі 23-24 аяттар)

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с ) былай деген:

«Ата-анаға жақсылық жасаңдар және сендердің балаларың да сендерге жақсылық жасасын және бағынсын».

«Жәннаттың хош иісі 500 жылдық жерге дейін тарайды. Ата-анасына бойұсынбаған, туысқандық қатынасты үзгендер оның иісін де сезбейді».

Сирияға жиһадқа аттанған қазақтарға мүфтияттың түк қатысы жоқ па?
«Кісі өліп жатқанда қол шапалақтағаны несі екен?»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу