Төрт құрбақа

Oinet.kz 01-01-1970 1717

Screenshot_1.jpg

4 құрбақа өзеннің жағасымен ағып келе жатқан ағаштың үстінде отырды. Бір уақытта ағаш өзеннің ағысымен жүзе бастады. Құрбақалар суда жүзіп бара жатқандарына риза, ағаштың қайда барып тірелетінін қызыға күтуде. 

Бір кезде құрбақалардан біреуі: «Бұл ағаш ғажап екен. Үлкен кеме сияқты жүзіп баратыр. Бұрын еш мұндай ағаш көрген емеспін». 

Екінші құрбақа: «Жоо, досым! Ағаш басқа да ағаштар сияқты әрекетсіз. Өзеннің ағымы арқасында ғана ағаш жүзіп тұр. Ағаштың үстінде отырған біздер де солай».

Сөз кезегін үшінші құрбақа алады: «Ағаш та, өзен де қимылсыз. Өзгеріп тұрған біздің ойларымыз ғана. Өйткені ой болмаса, ештеңе де орнынан қозғай алмас». Осы кезде 3 құрбақа қайсы дұрыс айтты деп дауласады. Ешбір ортақ шешімге келе алмаған құрбақалар төртінші құрбақаға бұрылып, пікірін сұрайды. 

Төртінші құрбақа: «Бәрің дұрыс, ешбірің өтірік айтқан жоқ. Ағаш, су мен ой бірге қозғалуда.» Құрбақалардың үшеуі де мұндай жауапқа ашуланады. Өйткені ешқайсысы өзін дұрыс, қалған екі құрбақаның толығымен дұрыс емес екенін қимайды. Сосын 3 құрбақа бірігіп, төртінші құрбақаны ағаштан өзенге етеріп тастайды.

Шариғат той мәселесіне не дейді?
Ең жақсы табыс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу