Ерінің тегін еншілеу дұрыс па?

Oinet.kz 30-10-2019 2096

Screenshot_2.jpg

Қазіргі таңда неке тойынан кейін өз тегінде қалатын немесе күйеуінің тегін алатындар бар. Алайда менің құрбыларымның басым көпшілігі тегін ауыстыруды мақұлдамайды. Оның бір себебі, құжаттарды ауыстырудағы қиындық десе, екіншісі әркім өзінің ата-тегінде қалғаны орынды дейді. Керісінше, бір текті иемдену – ер мен әйелді бір-біріне жақындастыра түседі дейтіндер де табылды.

Берік сүлейменов, аудандық «Жанқожа батыр» мешітінің Бас имамы:

– Әйел адам тұрмыс құрған соң күйеуінің тегіне өтудің дұрыс, бұрыстығына байланысты екі түрлі пікір бар.

Бірінші: «Әйел адам ерінің тегіне өтуі күнә. Өйткені, өзін өзгенің ұрпағынан санауды тыйған Пайғамбар сөздері бар. Пайғамбарымыз (с.а.у) асыл сөзінің бірінде: «Кімде-кім өзін өз әкесіне емес, өзгеге қатысты етсе, Алланы, періштелердің және бүкіл адамдардың лағынеті соған болсын», – деген. Сонымен қоса «Бұл мұсылман қоғамына жат өзге діндегілерлің үрдісі», – деген пікірде.

Екінші: Әйел өз ерінің тегін алуына рұқсат. Өйткені Құран аяттарында «Нұхтың әйелі және Луттың әйелі...», – деген сияқты аяттар қайда тұрмысқа шыққанын танытып, білдіріп тұр. Қазіргі таңдағы өз ерінің тегімен жазылу үлгісі де таныту мақсатында жасалғандықтан шариғатқа теріс емес.

Екі пікірді қорыта келе айтарым, әйел кісі өз ерінің тегін алу міндетті емес, күйеуі оны мәжібүрлей алмайды. Ал біздің елде ерінің тегін алған әйел әкесінің атын емес, тек тегін өзгертумен шектелгендіктен күнә емес десек қателеспейміз. Дұрысын Алла біледі.

дереккөз: qazaly.kz

Өлген жүректің қайта тірілуі
Көз тию қандай құбылыс?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу