Ер адамдар үшін ең ауыр сынақ

Oinet.kz 28-10-2019 2933

1420525524_l.jpg

Артыма ер адамдар үшін әйел затынан өткен жаман сынақ қалдырған емеспін (Усама ибн Зәйд р.а. жеткізген, Бұхари, Никах 17.Муслим,Зикр 97) 

Хадисте ер адамдардың әр кезеңде, әсіресе, ақырзаманда адамдар әйел затымен сыналатындығы және бұл сынақтың өзге сынақтарға қарағанда өте ауыр келетіндігіне баса назар аударылады.

Осыған байланысты Құранда Алла Тағала:«Әйелдер, балалар (әсіресе еркек кіндік), қап-қап алтын мен күміс, асыл тұқымды сәйгүліктер, төрт түлік мал мен егінжай сынды дүниелер адамдар үшін көздің құрты етілді.Әсілі,бұлар дүние тіршілігінің (өткінші) қызығы мен болмашы бұйым-боқшасы ғана. Расында, (адам жаны жай табатын) ең тамаша жай Алланың дәргейінде», - деу адам нәпсісіне ұнайтын бірқатар дүниені жіпке тіщіп,құлдарын олардан сақтандырған. Сондай-ақ аятта аталмыш нығметтердің ақиретте берілетіндей нығметтермен салыстырғанда баянсыз Һәм уақытша екені білдіріліп, негізінде, адал болған осынау нығметтер адам өмірінің басты мақсатына айналған жағдайда пендені Алладан алшақтаттып жіберетіндей деңгейде қауіпті дүниелер екеніне назар аударылады.

Хадистегі «сынақ» сөзі - «сын» немесе «еріксіз елітіп әкетуші, азғырушы, арбаушы» деген мағыналарға саяды. Демек,бұл хадистен әйел затының өз-өзіне һәм ер адамдар үшін сынақ екендігін аңғарамыз. 

«Жастарға арналған 30 хадис» кітабынан   

Жаназаны қанша уақытта шығару керек?
Алланың разылығы үшін жақсы көру дегеніміз не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу