Бәле-қазадан сақтану үшін қай дұғаларды оқу керек?

Oinet.kz 14-10-2019 1665

Znalezione obrazy dla zapytania дұға

Ихлас, Муаууәзәтәйн (Фәлақпен Нас) және Фатиха сүрелерін таңертең және кешке үш реттен оқыған адам жанын, мал-мүлкін және бала-шағасын бүкіл бәле-қазалардан сақтаған болады. (Ислам Ахлақы)

«Үйінен шығарда екі рәкат намаз оқыған адам сырттан келетін әртүрлі бәлелерден сақтанады. Үйіне кіргенде екі рәкат намаз оқыған адам да іштегі жамандықтардан қорғанған болады.» (Бәйһақи)

««Лә илаһә иллә әнтә субханәкә, инни кунту минәз-залимин» дұғасын оқыған адам дерт пен бәледен құтылады.» (Хаким)

«Жұма намазынан кейін жеті рет Ихлас және Муәуизәтәйн сүрелерін оқыған адамды Аллаһу та’ала бір апта бәледен, қазадан, жаман нәрселерден сақтайды.» (И. Сунни)

«Түшкіргенде «Әлхамдулилләһ» деген адамды Аллаһу та’ала жетпіс түрлі бәледен сақтайды.» (Ислам ахлақы)

«Сабыр еткен адам бәледен құтылады.» (Ислам ахлақы)

«Әузу би-кәлиматиллаһиттаммати мин шәрри кулли шәйтанин уә хамматин уә мин шәрри кулли айнин ләмматин» дұғасы әр күні таңертең және кешке үш рет оқылып өзінің үстіне немесе жанындағылардың үстіне үрленсе, көз өтуден, шайтандардың және жануарлардың зияндарынан сақтайды. (Мәуаһиб-и Ләдунниййә)

Бір адамға оқыған кезде Әузудің орнына «У'изукә» делінеді. Екі адамға оқыған кезде «У'изукумә», үш адамға оқыған кезде «У'изукум» деп айту керек.

«Жұма намазынан кейін жеті реттен Ихлас және Муауизәтәйн сүрелерін оқыған адамды Аллаһу та’ала бір апта бойы бәледен, қазадан және жаман істерден сақтайды.» (Тәрғиб-үс-салат)

«Бір жерге келген адам «Әузу би-кәлиматиллаһиттаммати мин шәрри мә халәқә» дұғасын оқыса, ол жерден кеткенше оған ешнәрсе зиян келтіре алмайды.» (Мүслим)

Имам Раббани хазреттері шәкірттерімен ұзақ сапарға кетіп бара жатып түнде бір керуен сарайға түнейді. Ол шәкірттеріне: «Бұл түні бір пәлекет шығады. (Бисмилләһпен) “Бисмиллаһилләзи лә йадурру ма'асмиһи шәйун филәрди уәла фиссәма-и уә һуәс-сәми'улалим” дұғасын оқыңдар» дейді. Түнде өрт шығады. Бұл хабарды естімеген бөлмелердегі кісілердің заттарының барлығы жанып кетеді. Дұғаны оқығандарға ештеңе болмады. (Умдәт-ул-Ислам)

Ли илафи сүресін оқыған адам қорқынышты жерлерде және дұшпанның алдында амандықта болады. Таңертең және кешке кем дегенде 11 рет оқу керек. (2/69)

Көп истиғфар ету керек. Бір хадис шәрифте: «Истиғфарды көп оқып жүрген адамды Аллаһу та’ала дерттерден, қиыншылықтардан құтқарады. Оны еш күтпеген жерінен ризықтандырады.» (Нәсаи)

М. Масум Фаруқи хазреттері былай деген: «Бәлелерден, қиыншылықтардан құтылу үшін истиғфар оқу өте пайдалы, тәжірибе етілген. Өлімнен басқа бүкіл дерттен құтқарады. Ажалы келген адамның қиналмай өлуіне көмектеседі. Әр қиыншылықтан құтылады және ризығы артады.» (2/80)

«Әстәғфируллаһәл азыим әлләзи лә илаһә иллә һүәррахманурраһим әл-хайул-қаййумулләзи лә-йәмуту уә әтубу иләйһ Раббиғфир ли» истиғфар дұғасын 25 рет оқыған адамның бөлмесінде, отбасында, үйінде және қаласында еш қашан бәле-қаза болмайды.» (Мәариж-ул-хидайа) (Бұны таңертең және кешке үш рет оқу керек.)

«Бисмилләһиррахманиррахим уә лә-хаулә уә лә-қууәтә иллә билләһил алиилазыйм» дұғасын оқудың жүйке ауруына және бүкіл ауруларға пайдасы бар екенін Әнәс бин Малик хазреттері  хабар берген. (Тәфсир-и Мазһари

Есіміне азан шақырылмағандар ескерсін!
Әсіредіншілдер деген кімдер?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу